Bugin

Қоғамдық көлікпен жүру қаншалықты қауіпті?

Коронавирус

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Коронавирус бүкіл әлемде таралуын жалғастыра отырып, бірнеше мемлекеттер қозғалысты шектеу шараларын қабылдап жатыр. 

Ал адамдардың өздері ұзақ сапарлардан аулақ болуда. Осы орайда "ұшақ пен пойыздарды пайдалану, круиздерге шығу және жай қоғамдық көлікте жүру қауіпті ме?" деген сұрақ қазір көпшілікті мазалауда.

Пойыздар мен қоғамдық көліктер.

Жаңа коронавирустың қалай тарайтыны туралы нақты анықтама жоқ, алайда пациенттер түшкіргенде немесе жөтелгенде вирус жұғуы мүмкін деп күтуде. Вирус ауа тамшылары арқылы бір жерден екінші жерге таралады екен. Әрі коронавирус қалыпты тұмау вирусы сияқты ауада көтерілмейді. Сондықтан инфекция жақын байланысуда тез жұғады. Британдық денсаулық сақтау жүйесінің зерттеуі бойынша, короновирусты жұқтырған адамнан екі метрден алшақ жерде шамамен, 15 минут қашықтықта байланыс орнатылуы шарт екен. Сол себепті поезда немесе автобуста жұқтырудың қаупі, олардың жолаушылармен қаншалықты көптігіне байланысты.  Оған қоса сапардың уақыты, бағыты мен аймағына байланысты. Мысалы, адамдар көп жиналатын Лондон метрополитенінде сізде респираторлық ауруға шалдығу мүмкіндігі айтарлықтай артады.

Алайда сіздің көлігіңізде немесе автобуста жолаушылар аз болса қауіп аз болады. Міне, сондықтанда жақын арада тойланатын Наурыз мерекесіне тыйым салынып жатыр. Яғни бұл жылы адамдар бір жерге топталып, мерекені атап өте алмайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау институтының докторы Лара Гозе былай дейді: «Короновирусты жұқтырған жолаушылармен бетперде киіп,  байланысқа түсу өте маңызды». Өз кезегінде Ұлыбритания билігі тұрғындарға қоғамдық көліктен бас тартуға әлі кеңес бермеген.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус жөніндегі арнайы кеңесшісі Дэвид Набарро болса, ВВС-ге берген сұхбатында: қоғамдық көліктердегі қауіпсіздік деңгейі туралы мәселе әлі зерттелмегенін жеткізді. «Және де вирустар тек қоғамдық көлікте жүргенде жұғады деп айту дұрыс емес»-деп өз пікірін қорытындылады.

Қорытындылай келе, вирустан сақ болудың ең тиімді жолы-тазалықты сақтау екенін еске салайық. Күнделікті қолды жуып тұру, адамдар көп ортада бетперде тағу қажет сізді сан түрлі аурудан сақтауы мүмкін.