Саясат

Елімізде орта мектептің біріне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді

Қазақстанның жерін Ресейге қосылып кетпеуіне үлес қосқан тұлға

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақмола облысындағы №3 Аршарлы орта мектебіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің аты берілді.

Ол кезінде Қазақстанның жерін қорғап қалуға, Ресей мен басқа да мемлекеттерге таратылып кетпеуіне айтарлықтай үлес қосқан айтулы тұлға.

1960 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесінің құрылуы туралы Жарлық шықты 1960 жылы 20 наурызда Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Төралқасының қаулысымен Ақмола Целиноград қаласы болып өзгертілді. 1961 жылғы 24 сәуірде құрамында 14 ауданның орталығы Целиноград қаласы болып Целиноград облысы құрылды. Бұны тиімді пайдаланбақ болған Н.С. Хрущев 1961 жылы Қазақстанның 5 облысын Ресей Федерациясының құрамына қоспақшы болдды. Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігін Өзбекстанға, ал Маңғыстау облысының бір бөлігін Ресейге қосуды жоспарлады.

Хрущевтің бұл әрекетіне түбегейлі қарсылық білдіріп, қатаң тосқауыл қойған Жұман Тәшенов болатын. Ол Хрущевтің мұндай әрекетіне қорықпастан жауап береді.

«Республикада жер учаскісіне қатысты шұғыл мәселе бар. Қонаев жолдастарымен, ал өңірлер басшыларымен бұл мәселе бойынша пікір алмастық. Олар біздің ұсынымызды қолдайды. Енді Жұмабек Ахметұлы, осы мәселе бойынша сіздің пікіріңізді естігім келеді», - дейді Н.С. Хрущев.

Сол кезде Жұмабек Тәшенов былай деп жауап береді:

Мен – осы Ақмола өңірінің тумасымын. 12 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істедім. Менің ата-анам, олардың ата-аналары, біздің ата-бабамыз осы жерде жатыр. Енді сіз бұл жерді Ресейге бергіңіз келе ме? Мұнымен қай қазақ келісетінін ойланып көріңізші! Ойланыңыздар, жолдастар! Мысалы, мен бұл мәселені қарастырмақ түгілі, күн тәртібіне көтеруге қарсымын!

Осы кезде ашуға булыққан Хрущев сіздің келісіміңіз шешім қабылдаймыз деп жауап береді.

«Тыңдаңыз, жолдас Тәшенов! Саяси бюроның қаулысына қарсы тұратын Сіз кімсіз? Совет Одағы – біртұтас мемлекет, сондықтан ССРО Жоғары кеңесі ғана барлығын шешеді. Осыған байланысты сіздің келісіміңізсіз шешім қабылдауға да болады», - дейді Хрущев.

Бұл сөзіне Жұмабек Тәшенов еш қорықпастан КСРО басшысы Никита Хрущевқа былай деп мәлімдеді:

«Егерде КСРО Жоғары Кеңесі жергілікті биліктің келісімінсіз одақтас республикаларға жерімізді берген жағдайда, КСРО Конституциясының әрекетін тоқтатату керек. Онда әрбір республиканың тарихи аумағы оның бұлжымас меншігі деп анықталған. Және бірде бір одақтық ұйым бұл ережені бұза алмайды. Егер Конституцияның бұл талабы өрескел бұзылатын болса, біз Халықаралық құқықтық ұйымдардың араласуын сұрауға хақымыз бар!», – деген.

Жұмабек Тәшеновтің дәледі әрі нақты сөзіне Хрущев жауап таба алмай сасып қалады.

Отырыс аяқталған соң Дінмұхамед Қонаев: «Әй, Жұмеке, нағыз батырсың ғой, арыстандай атылдың», – деп таңданысын жасырмапты. Осы сәтте ол: «Мен өз жерім мен халқым үшін қандай болса да сынаққа дайынмын», – деп жауап береді.