Экономика
Күнкөріс сомасы анықталды
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]«Күнкөріс минимумы бір айда 3 пайызға, ал бір жыл ішінде 14 пайызға дерлік өсті. Бұл ретте айлық инфляция деңгейі - 1, ал жылдық инфляция 6 пайыз болды. Ел бойынша ең төменгі күнкөріс минимумымы Батыс Қазақстан облысында тіркелді. Көш басындағы елордамен алшақтық 22 пайыздан жоғары» - делінген таратылған ақпаратта.
Қазақстан бойынша халықтың жан басына шаққандағы күнкөрісінің ең төменгі шамасы 31,6 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда 2,8 пайызға және 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 13,5 пайызға артты.
Күнкөріс минимумының ең үлкен сомасы: елордада - 36,4 мың теңге, Маңғыстау облысында - 36,2 мың, Алматыда - 35,2 мың теңге. Ал ең төменгі сома: Батыс Қазақстан - 28,2 мың теңге, Ақтөбе - 28,37 мың теңге, Павлодар - 28,48 мың теңге.