Саясат
Министр "5-10-20" бағдарламасы бойынша кімдер үй алатынын айтты
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Ол баспана азаматтар санаты бойынша емес, әр отбасы мүшесіне шаққандағы табысқа байланысты берілетінін атап өтті.
"Біріншісі, айлығы төмен адамдар. Егер отбасының әр мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 1 күнкөріс шегі немесе 31,2 мың теңгеден аспаса, онда арендалық пәтер ұсынылады", – деді Атамқұлов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда кіріс 2 күнкөріс шегі немесе 62,4 мың теңгені құраса, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жылдық 2%-пен ипотека беріледі. Яғни мұндай азаматтар "2-10-20" бағдарламасына қатыса алады.
"Әр отбасы мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыс 3 күнкөріс шегін, 96 мың 700 теңгені құраса, баспана жаңа "5-10-20" бағдарламасы бойынша ұсынылады", – деді министр.
Ал кірісі әр отбасы мүшесіне санағанда үш және одан жоғары күнкөріс шегінен асса, онда екінші деңгейлі банктер арқылы "7-20-25" бағдарламасына қатысып, баспаналы болуға мүмкіндік бар.
"5-10-20" жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын.