Weekend

11 шілдеге арналған ауа райы: Батыста - аптап ыстық, солтүстікте - жел

Ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Синоптиктер 11 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Сенбіде ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, тек оңтүстік батыста және солтүстік батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл тұруы, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, Алматы, Павлодар, күндіз Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел тұрып, шаңды дауылға ұласады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының батысында аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Алматы облыстарының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

inform.kz