Bugin

«25-те болсаңыз...». Джек Мадан кеңес

Жасыңыз 25-те ме, онда ештеңеге алаңдамаңыз!

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сеулдегі конференциялардың бірінде жас жігіт Alibaba Group-тың негізін қалаған Джек Мадан мынаны сұрады: «Егер дәл қазір жасыңыз 25-те болса әрі бизнесті енді бастап жатсаңыз, не істер едіңіз?». Бұған әлемнің ең бай адамы төмендегідей жауап қатқан:

1.Мүмкіндіктің шегі жоқ, ол барлық жерде. Бүгін бәрі «интернет – біздің болашағымыз» дейді. 10 жыл бұрын интернет ғажайып дүние іспеттес еді, себебі ол жайында ешкім білген жоқ. Ал қазір тіптен күрделеніп барады, себебі интернетті ақылды адамдар жаулап жатыр. Сол себепті

2.Егер сіз мейрамхана ашуды ойласаңыз, оны мінсіз ету үшін түрлі технологияны пайдаланыңыз. Егер шаштараз ашамын десеңіз, IT-технологиялары мен data-ны пайдаланыңыз. Өзгелерден ерекше әрі озық болуға тырысыңыз. Технологияны кез келген жерде пайдалануға болады. Тілін жетік меңгерсе болғаны.

3.Әрдайым қарсы жағын да ойлап жүріңіз. Мәселен, бәрі бір шешімге келісіп тұрғанда, сіз бұрыс жағын да ойлап қойыңыз. «Солай істесек, шынында тиімді бола ма?» деген сұрақ көкейіңізде жүрсін. Сондай-ақ бәрі қарсы шыққан жағдайда сіз дұрыс жағына мән беріңіз. Бәлкім бәрі қателесіп тұрған шығар?! «Жоқ» деген жерден мүмкіндік шығаруға болар?!

4.Жасыңыз 25-те ме, онда ештеңеге алаңдамаңыз! Сіз жасаған әрбір қателік – өзіңіз үшін үлкен құндылық.

5.Келер ұрпаққа дайындаған мынадай «бағаным» бар еді. Сіздерге де айтайын:

20 жасқа дейін студент бол. Кәсіп бастаймын деп асықпаңыз, білім алыңыз.

30 жасқа дейін бір жақсының ізбасары болыңыз. Кішігірім компанияда жұмыс істеп көріңіз. Иә, ірі компаниялар да жақсы ғой, ол жақтың процесі де өзге, үлкен жобаның бір мүшесі болар едіңіз. Алайда кішігірім компанияда әрбір ісіңіз анық көрінеді, сондықтан барынша тырысасыз әрі армандауды үйренесіз. Бірнеше тапсырманы жалғыз орындауға да мүмкіндік аласыз. 30 жасқа дейін қандай компанияда жұмыс істегеніңіз емес, қандай басшының соңынан ергеніңіз маңызды. Жақсы басшыдан үйренеріңіз көп.

30-дан 40 жасқа дейін өзіңізге жұмыс істеңіз. Әрине, кәсіпкер боламын десеңіз...

40-тан 50 жасқа дейін қолыңыздан келетін іспен айналысыңыз. Жаңа іске бас сұғу үшін кеш қалдыңыз. Өз мүмкіндігіңізге ғана сеніңіз.

50-ден 60 жасқа дейін жастарға жұмыс істеңіз. «Ұстаздан шәкірті озған». Жастарға үйретіңіз, инвестицияңызды соларға құйыңыз.

60 жасқа келсеңіз уақытты тек өзіңізге арнаңыз. Сізді демалыс күтіп тұр.

6.25 жастағы өрендерге айтар ақылым – қателесуден қорықпаңыз. Уайымдамаңыз. Құлайсыз, қайта тұрасыз, құлайсыз, қайта тұрасыз. Соның өзіне разы болыңыз, місе тұтыңыз. Өмір мен жастық шақтың рахатын сезініңіз.

(Интернеттен аударылды)