Weekend

Сауд Арабиясы туралы 15 дерек

Сауд Арабиясы туралы сіз білмейтін қызық мәліметтер

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

1. Сауд Арабиясында саяси партиялар құруға тыйым салынған.

2. Сауд Арабиясында ұрлық әлі күнге дейін білегін кесу арқылы жазаланады. Зинаға барғандарды, яғни, некесіз жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталған патшалықтың азаматтары «тас боранмен» жазаланады. Өлім жазасы сонымен қатар кісі өлтірушілерге, бақсылар мен сиқыршыларға да қолданылады.

3. Корольдік орналасқан Арабия түбегі – жаз айларында температурасы 50 градустан ешқашан төмендемейтін әлемнің бірнеше жерінің бірі.

4. Сауд Арабиясында әйел жүргізушілер жоқ, өйткені ұл жынысты болмасаңыз, көлік жүргізуге тыйым салынады.

5. Сауд Арабиясында діни нормаларды сақтау үшін жасақталған полиция күштері бар. Мұндай полицейлер христиандарға, буддистерге және исламнан басқа конфессиялардың өкілдеріне Мекке мен Медина аумағына кіруге рұқсат бермейді. Егер бұл елде кім де кім шариғат заңын бұзса, айыппұл салудан бастап өте қатаң жазалар заңмен қарастырылған.

6. Сауд Арабиясының қыз немесе әйел тұрғындары дәрігерге күйеуінің, ағасының немесе әкесінің рұқсатынсыз қарала алмайды.

7. Саудиялық ер адамға 10 жасқа толған қыздарға үйленуге рұқсат етілген.

8. Сауд Арабиясында танымал Pokemon Go ойынына тыйым салынған. Ислам сарапшыларының айтуынша, ойын кейіпкерлерінің біртіндеп дамуын эволюция теориясының көрінісі ретінде қарастыруға болады және бұл діни догмаға қайшы келеді.

9. Сауд Арабиясында бензин бағасы су бәсінен екі есеге жуық арзан.

10. Сауд Арабиясының мейрамханаларында екі бөлек зал бар: отбасыға арналған және бойдақ тұтынушыларға арналған.

11. Сауд Арабиясында іскерлік кездесуге кешігіп келу қалыпты жағдай болып саналады.

12. Саудиялықтарға исламнан басқа діндерді ұстануға тыйым салынған.

13. Патшалық тұрғындарының көпшілігі жүзе алмайды.

14. Патшалықта кинотеатрға ресми түрде тыйым салынған.

15. Сауд Арабиясында қосымша құн салығы мен сату салығы мүлде жоқ.