Weekend
Телефон қуаты неге тез таусылатыны белгілі болды
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]"Телефонның нақты қандай себеппен қуаты тез бітетінін білу үшін, алдымен, фон режимінде жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды тексеру керек,. Мәселен, бағдарламалар "бұлтпен" жиі синхрондалуы мүмкін. Android пен iOS-та мұны баптаулар деген жердегі "Аккумулятор"-дан тексеруге болады", - деп түсіндірді сарапшылар.
Android өндірушілері тым көп энергия қолданбайтын бағдарламалар әзірлеуге мән беруде. Кейде дәл қазіргі уақытта қолданылмай тұрған бағдарламалар өздігінен тоқтатылады. Бірақ бұл қолайсыздық тудыруы мүмкін.
"Егер смартфон смарт-сағатпен бірге қолданылып, жаныңызда қуаттағыш құрылғы болмаса, Bluetooth-ды сөндіруге болады. Сонда смарт-сағат телефоннан дербес жұмыс істеп, телефонның қуаты ұзағырақ сақталады", - деп кеңес берді мамандар.