Әлем жаңалықтары

Қызы мен ұлын террористерден «құтқарғысы келмеген» президент кім?

Оқиғадан экс-президенттің екі баласы да аман қалды. Алайда әкелеріне деген реніштері мүлде жоқ.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

2004 жылы әлемді дүр сілкіндірген террористік оқиға барысында Солтүстік Осетияның экс-президенті Таймұраз Мамсұров террористер қолындағы қызы мен ұлын мүмкіндігі болса да құтқармаған. Себебі президент террорситерден емізулі балаларды босатуын өтінді. Мамсұровтың бұл ерлігін Ресей халқы әлі күнге дейін мақтанышпен айтып жүр.

Қыркүйектің алғашқы күндері Ресей халқы бір жағынан Білім күні деп қуанса, екінші жағынан Бесландағы қайғылы оқиғаны күрсіне еске алады. 2004 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 9:15-те 30-ға жуық террорист қаладағы №1 мектепке басып кірген. Екі мыңға жуық оқушы, ата-ана әрі мұғалімдер 2 күн бойы ас-сусыз террористердің тұтқынында болды. Тұтқындардың арасында сол кездегі жергілікті парламент спикері Таймұраз Мамсұровтың ұлы мен қызы да бар еді.

“Дәл сол сәтте менің балам, сенің балаң деген түсінік, меніңше, ешбір ата-ананың ойында болған жоқ. Қылмыскерлердің тұтқынында болған әр бала сыртта тұрған біз үшін туғанымыздай еді. Қайғы бәрімізге ортақ. Сол себепті, террористер менің ғана балаларымды босату туралы шешекенде, мен ойланбастан бас тарттым. Иә, сол кезде ойланбадым, ойлануға уақыт та болған жоқ. Себебі өзімнің ғана емес, іштегі мыңдаған бала үшін бірдей алаңдадым. Кішкентай қаланың тұрғындары ондай үлкен қайғыны көтере алмас едік”. Бұл – Мамсұровтың өткен оқиға мен қабылдаған шешімі жайлы сұрағандарға жауабы.

Оқиғадан экс-президенттің екі баласы да аман қалды. Алайда әкелеріне деген реніштері мүлде жоқ. Себебі бұл қайғы бесландықтарға ортақ екенін перзент түсіне алды.

Бүгінде Таймұраз Мамсұров Солтүстік Осетия-Алания Республикасы атқарушы билігінің өкілі.

2004 жылдың қыркүйегінде қаладағы №1 мектепті «Алғашқы қоңырау» рәсімі уақытында террористер басып алды. Ол уақытта, әлбетте, мектеп іші оқушыға лық толы еді. Мұғалім, ата-ана, оқушыларды қосқанда жалпы саны 1100 адам болды. Басып алғаннан кейінгі үшінші күні күштік құрылымдар ғимаратқа шабуыл жасауға кірісті. 4 қыркүйекке қараған түні террористерді қоршап алу операциясы аяқталды. Ресми деректерге сүйенсек, Бесландағы қанды оқиғаның нәтижесінде 334 адам қайтыс болды, олардың 186-сы балалар. Екі аптадан кейін Шешенастан сепаратист лидері Шәміл Басаев терактінің жауапкершілігін өз мойнына алды.

Билік теракт жайлы алдын ала білген

Мектепті басып алудан бір күн бұрын Солтүстік Осетияның Ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімі және ІІМ басшылығына теракт жайлы, анығында, террористердің үлкен нысанды басып алуы жайлы хабарланған. Алайда билік тарапынан ешқандай алдын алу шаралары орындалмады. Ингушетиядан шыққан онға жуық қарулы террорист Солтүстік Осетиядағы Беслан қаласына кіріп, мектепті жаулады.

Террористер не талап етті?

Терактіден кейін 1 жыл өткен соң қаза болғандардың туыстарымен кездескен Владимир Путин террористердің ешқандай талабы болмағанын айтқан еді. Алайда мектепті басып алғандардың нақты талабы бар еді – Шешенстан жерінен ресейлік әскерді шығарып, әскери әрекеттерді тоқтату.

Тұтқын арқылы террористер Путинге Шәміл Басаевтің видеожолдауы жазылған таспаны беріп жіберген. Бірақ федералдық БАҚ таспаның бос екенін хабарлады. Бұдан бөлек жауынгерлер Ингушетияның экс-президенті Руслан Аушев арқылы Путинге тағы хат беріп жібереді. Онда жауынгерлер талап орындалған жағдайда Ресейге қарсы соғыс қимылдарын тоқтатуға, ТМД-ға кіруге және рубль аймағында қалуға уәде берді.