Weekend
Әр атқан таңға шүкіршілік
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Өмір бізге бір-ақ рет берілетін мүмкіндік. Осы сәтті дұрыс пайдаланып, бар құлшынысыңмен әр арайлап атқан таңды өткізу, барыңа шүкіршілік етіп, қалаған дүниеңмен айналысуға барлық жағдай жасалған. 18 жасқа келіп жеткен менің, өмірге деген көзқарасым сыртқы факторларға байланысты кейде 180 градусқа өзгеріп кететіне де бар. Ол бой жету, пікір қалыптастыру, өзгенің ойын сыйлау сияқты нәрселерге байланысты. Жас болған соң, әрине, денсаулығымызға аса назар аудармай жүреміз. Бірақ, ұзақ өмір сүргісі келетін жанға деннің саулығы маңызды. Білімді де алу керек, себебі, жас кезде алған білімің- тасқа қашап жазғандай. Қартайғанда алған білімің- мұзға ойып жазғандай. Әр күнімді максималды түрде тиімді өткізіп, тағылымды дүние алып қалғым келеді. Оттай лаулап тұрған арманымның шындыққа айналғанын бар жаныммен қалаймын. Үлкен іс – сапарлармен қатар, өзге елдің мәдениеті, тарихына саяхат жасағым келеді. «Әке-шеше» деген де мәңгілік емес. Солардың балалық арманын орындағым келеді. Күлімдеген жүздерінен мақтаныш көргім келеді. Адам болып дүниеге келген соң, парызым - ата-анамды жерге қаратпау.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61