Әлем жаңалықтары

Ер адам шыбын өлтіремін деп үйін жарып жіберген

Шетелдік адам үйін жағып алған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Францияда 80 жастағы ер адам электр шыбын қаққышпен қосқанаттыны қуамын деп үйінің бір бөлігін жарып жіберген, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам түскі ас ішпек болғанда жәндіктің ызыңын естіген. Содан кейін электр шыбын өлтіргішті алып, оны ұстамақ болған. Алайда үйіндегі газ баллоны ағып кетіп, құрылғыдан шыққан ұшқын салдарынан газ жарылған.

Жарылыс ас үй мен шатырдың бір бөлігін қиратты. Ер адам қолы күйіп, Либурн ауруханасына жеткізілді. Басылымда оның ауыр жарақат алмағаны жазылған.