Қоғам
Ақша - әркімнің өміріндегі маңызды бөлшек. Шоқжұлдыз белгісіне ғана сеніп қалмаңыз.
Тоқты
Ақшаны ойланбай жаратуға құмар. Жинау, кейінге қалдыру – тоқтыларға жат. “Қазір және осында”, бұл – олардың ұраны іспеттес. Ақшасы бүгін бар, ертең жоқ. Қаржылық мәселелер туындаса, ойланбастан несие алады немесе қалай қайтарарын білмесе де, қарыз алуға дайын тұрады.
Ғылыми астрология мектебінің мамандары тоқтыларды “тәуекелге бел буғыш қаржыгерлер” деп бағалады.
Торпақ
Торпақтардың ақша жинау келеді. Бюджетті жұмсарда тұшымды жоспар құрады. Қайда және қалай жарату керектігін ойланып жүреді. “Ақшам таусылып қалды” деген мәселеде бас қатырмайды, себебі кез келген жағдайда қосымша ақшалары дайын тұрады.
“Торпақтар – ең жақсы қаржыгерлер, алайда тәуекелге бара білу де өнер”.
Егіздер
Егіздер үшін қаржы дегеніміз күн көру құралы ғана. Ақшаның құны деген түсініктен ада. Сол себепті ақшаны кез келген ұсақ-түйекке жаратады. Олар қазіргі сәтпен өмір сүреді. Ақшасы таусылса, табу жолын да тез шешеді.
“Егіздер көп ақшаға құмар емес. Керек дүниесіне ақшасы жеткілікті болса болғаны”.
Шаян
Шаяндар ақшаны жақсы көреді. Ақшаны негізсіз құрта бермес үшін қалағанынан оңай бас тарта алады. Депозитке, банктерге ақша жинауды құп көреді.
“Шаяндар көбіне ақшаларын білімге немесе жаңа технологияға жұмсайды”.
Арыстан
“Арыстандарға шектеу жоқ”. Бұл – олардың ұраны. Ақшаны да, оны жаратуды да жақсы көреді. Көбіне, өздеріне жаратады. Сыртқы келбеті, киімі, сұлулығы үшін ақшасын аямайды. Бизнес ашуды ойлап жүреді, ондайда ақшасын құртудан қорықпайды.
“Арыстан банк секторларын ұйымдастыруға қабілетті. Бұл салада олардың ұтылмайтыны анық”.
Бикеш
Ақшаны үнемдеп ұстайды, ақылмен жұмсайды. Әрдайым жоспар құрып жүреді, қалыптасқан жүйемен жұмыс істейді, ойланады. Сонымен қатар сұлулығы мен денсаулығы үшін ақшасын оңай жарата алады. Банктерге пайызбен ақша салуға дайын тұрады. Бикештерден жақсы есепші шығады, себебі әр цифр олар үшін маңызды.
Таразы
Таразылар да ақша құртқанды жақсы көреді. Бір затты көңілі қаласа, соңғы ақшасына сатып алуға дайын. Қарызға ақша сұрауға қысылмайды. Өздері де қарызға беруге әзір.
Сарышаян
“Сараң асын бермейді, көзінің жасын береді”. Сарышаяндардың ақшаға көзқарасын осылай бейнелесе болады. Болса да, бермейді немесе үлкен пайызбен беріп қалуы мүмкін. Ақшаны қатты жақсы көреді, өзінікін де, өзгенікін де. Ақша бар жерде ғана жүреді, көбіне сарышаяндар басшы болуға ұмтылады.
Мерген
Үлкен мақсаты болса ғана ақша жинай алады. Сәнденгенді жақсы көреді, сыртқы күтіміне ақша шашудан тартынбайды.
“Мергендер сатумен айналысса, жақсы ақша таба алар еді. Себебі адамды сендіріп сөйлей алады”.
Тауешкі
Ақшаны баппен жұмсайды, ақылына сүйенеді. Өзінің дамуы үшін қанша болсын ақша жаратуға дайын. Сонымен қатар үнемдеуді де біледі. Қаржы саласынан тауешкілерді көп кездестіруге болады.
“Тауешкілер ақшаны жақсы көреді, өз жағдайын ешкімге жар салмай, тыныштықта жасауды жөн көреді”.
Суқұйғыш
Олардың қалауында шек жоқ. “Қаласам, аламын” – суқұйғыштардың ұраны бұл. Өзін рахатқа бөлейтін іс үшін ақшасын оңай жарата алады.
Балық
“Ақшаны бақылау” балықтарға тән емес. Жеңіл қарайды. Кез келген іске күш сала бермейді, оңай жолын іздейді. Қаржы мәселесінде де солай, қиналып тұрса, біреуден сұрауға қысылмайды. Әрі қайтаратынына да сенімді.