Weekend

Жас ұрпақтың еліміздің өркендеуіне үлесін қоса алатын уақыт

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған жоба

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бүгін біздің парақшамызда қонақта қашықтан білім беруге арналған танымал платформаның негізін құрушылардың бірі және Nur Otan праймеризінің қатысушысы – Еркебұлан Амантаев.

Сұхбат барысында біз Еркебұлан Амантаевтан авто ХҚО да қарапайым маманнан бастап басшыға дейінгі мансап жолын, танымал платформаның карантин жағдайы қайталанған жағдайда неге тиімді шешім болатындығын сұрастырдық.

Еркебұлан Ануарбекұлы, өзіңіз туралы толығырақ айтып берсеңіз. Қайда туып өстіңіз?

Еркебұлан Амантаев: Мен 1992 жылы Түркістан облысы Ордабасы ауылында дүниеге келдім. Мектеп табалдырығын туған жерімдегі Ордабасы орта мектебінде аттадым.

2006 жылы Шымкент қаласындағы облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына сынақтан өтіп түстім. Оқу барысында көптеген облысдық, республикалық олимпиадаларынан бірнеше рет жеңімпаз атануыммен қатар ғылыми жобалар конкурстарынан нәтижелер көрсеткен болатынмын. Сонымен қатар “Хабар” агенттігінің ұйымдастыруымен өтетін “XXI ғасыр көшбасшысы” республикалық интеллектуалдық ойындарының апталық ойын жеңімпазы болдым.

Ал, 2010 жылы аталмыш мектептің “Қоғамдық пәндер” факультетін “Алтын белгімен” аяқтап, Еуразия Ұлттық Университетінің “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша грант иегері атандым.

2015 жылы аталмыш жоғарғы оқу орнының магистратурасында “Халықаралық құқық” мамандығына түсіп, оны сәтті аяқтадым. Қазірде “Саясаттану және конфликтология” мамандығы бойынша докторантура бөлімінде білім алып жатырмын.

Еңбек жолын қай мекемеден бастадыңыз?

Еркебұлан Амантаев:Мен еңбек жолымды 2014 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (АвтоЦОН) маманы қызметінен бастадым. 2016 жылы мамандандырылған бөлім инспекторы атандым. 2017 жылы “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінің Астана қаласы бойынша мамандандырылған бөлімі басшысының орынбасары болып, ал 2018 жылдан бастап аталмыш мекеменің басшысы қызметіне тағайындалдым.

Мен қызмет ететін салам бойынша үнемі тәжірибе жинап оны жұмыс барысындағы шешімдерді ұтымды пайдалануға тырысамын. Осы уақытқа дейін Түркия, Өзбекістан, Оңтүстік Корея және Бельгия сияқты елдерде тәжірибе арттырып қайттым. Осы елдердегі түрлі жобалау методтары мен менеджмент үлгілерін сәтті интеграциялау еліміздегі бірнеше жобалардың негізін қалауға негіз болды.

Атап айтсақ, Республика бойынша бірегей қашықтықтан оқытуда едәуір пайдасын тигізіп жатқан Daryn.online мен мектепке дейінгі дамыту бойынша жаңа леп әкеліп жатқан OrdaGen жобалары.

Атап өткендей, Сіз дистанциялық білімге арналған бірнеше әлеуметтік жобалардың негізін қалаушылардың бірісіз. Жобалармен толығырақ таныстырып өтсеңіз.

Еркебұлан Амантаев:Daryn.online – XXI ғасырдың білім беру платформасы.Аталған жоба аты айтып тұрғандай, Қазақстандағы барлық мектеп оқушыларына арналған онлайн білім беретін платформасы.Бір жылдан бері жұмыс істеп жатқанына қарамастан, тек карантин тәртібі енгізіліп, оқушылар қашықтан білім беру жүйесіне көшкен кезде ғана танымал бола бастады. Қазір республика бойынша 2,7 миллионнан астам пайдаланушыға ие.

Ал OrdaGen – тәуелсіздік жылдарынан бері тарихи, этно, мәдени мұраларға жасалған концептуалды зерттеулер нәтижесіндеҚазақстанда алғаш рет бүгінгі жас буын мен болашақ ұрпақ санасын жаңғыртуға бағытталған әлеуметтік жоба. Мақсаты ұлттық және адамзатқа ортақ биік құндылықтарды жаңа технологиялар форматына икемдендірілген форматтағы аңыздар мен ертегілер арқылы болашақ ұрпақтың санасына сіңдіру.

ТЖ кезінде Daryn.online платформасын оқушылар тегін қолданғаны рас па?

Еркебұлан Амантаев:Вирустың таралуынабайланыстыболған төтенше жағдай кезінде қашықтықтық жүйеге жұмыскерлермен қатар оқушыларға да өтуге тура келді. Дегенмен, ол уақытта елімізде қашықтықтан білім беруге арналған арнайы платформалардың жоқ болды. Оқушылар үшін бұндай өзгеріс қиынға соқты. Сол себептіDaryn.online барлық оқушыларға оқу жылының 4-ші тоқсанында платформаны тегін қолдану мүмкіндігін ашқан болатын.

Не себепті праймеризге қатысуды шештіңіз?

Еркебұлан Амантаев:Мен 2012 жылдан бері «Нур Отан» партиясының мүшесімін. Праймеризге өз кандидатурамды саналы түрде ұсынып отырмын. Қазір жастардың заманы деп есептеймін, яғни жас ұрпақтың еліміздің өркендеуіне үлестерін қоса алатын уақыты. Мен де бұл мүмкіндіктен шет қалғым келмейді.

Жұмыс барысы бойынша үнемі халықпен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқарып келемін. Мен үшін азаматтарға тек мемлекеттік қызметтерді көрсетіп қана қою емес, әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге көмектесу маңызды.

Құрметті оқырмандар! Еркебұлан Амантаев туралы басқа да ақпараттармен amantayev.kz парақшасында танысуға болады.