Шымкент

Шымкентте базар жастарының арасында кіші-футбол сәнге айналды

Салауатты өмір салты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкенттік саудагерлер белсенді өмір салтын ұстанады.

Нақтырағы 18-29 жас аралығындағы базар жастары әр дүйсенбі кіші футболда бас қосады. Командалық құраммен тартысты өтетін сайыс тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Спорттық шараның басты үйлестірушісі Жастар ресурстық орталығының Аутрич, NEET жастармен жұмыс бөлімі.  Аталған қызметкерлер базар басшылығымен келіссөздер жүргізіп, турнирді дәстүрлі түрде өткізуді жолға қойған.

Жастар орталығының мамандары кіші-футбол турнирінің мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау дейді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда қатысушылар арасында тұрақты байланыс орнаған.

Сондай-ақ қатысушыларды ынталандыру мақсатында, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестіріледі. Жалпы, жыл басынан бері турнирлерге 1000-ға жуық адам қатысқан. Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын артып, қызығушылық танытқан жастар саны көбеюде.