COVID-19

Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейді

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте 3 адам COVID-19-дан, ал бір адам ковидтік пневмониядан көз жұмды.

Бір тәулікте 52 адамда коронавирус диагнозы расталды, 38 адам пневмонияға шалдықты.

13 наурыздан бері республика бойынша барлығы 107 775 адамда коронавирус анықталды. 1 725 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері 32 490 адам пневмонияға шалдықты, 350 науқас көз жұмды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 314 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 бала бар. Стационарларда 1 827 науқас жатыр. 1 487 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 94 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 15 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 23 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61