Шымкент

Шымкент: Балалар ауруханасы жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қаладағы клиникалық балалар ауруханасына жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Компания басшылығы ИВЛ аппаратын Германиядан арнайы тапсырыспен алдырған.

Мұндай медициналық аппарат жансақтау бөліміндегі ауыр халдегі науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар.

Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова ұжым атынан “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ-на алғысын білдірді.

Айта кетейік, “Асар” шағынауданындағы балалар ауруханасы – қаладағы 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге медициналық көмек көрсететін көпбейінді емдеу мекемесі. Мұнда дәрігерлер күнделікті жедел жәрдеммен жеткізілетін 200-ден аса балаға медициналық көмек көрсетеді.