Білім және ғылым
Онлайн оқытуда мұғалімдердің білімі сын көтере ме?
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері қашықтан білім беру жүйесіне көштік. Алайда мұның бәрі ұстаздарға қиындық тудырып біраз әуре-сарсаңға түсті. Мемлекет әлі де бұл үрдісті толық меңгермеген.
Тіпті кей жерлерде интернет өте әлсіз болды. Ұстаздармен қоса ата-ана, оқушы әуре-сарсаңға түсті десе де болады.
Осындай қиын-қыстау кезеңде "Ұстаз тілегі" орталығы республика бойынша барлық мұғалімдердің басын жиып 50 мыңнан аса ұстазды тегін оқытты. Бұл курста сабақты тиімді өткізу, әртүрлі әдіс-тәсілдер, қашықтан оқытудың технологиялары түсіндірілді.
Курс аяқталғанда ұстаздар сертификатқа ие болып, онлайн жүйенің барлық қыр-сырын меңгеріп шықты.
Бұл тек бір мысал ғана. Әлі де елімізде онлайн оқыту жүйесінде қиындық көріп отырған ұстаздар қаншама? Қашықтан оқыту барысында әлі де үйренеріміз бен үйретеріміз әлі де көп.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61