Шымкент
Шымкент қаласында карантин кезіндегі шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған 100 504 азаматқа шілде айына 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілді.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Ал, қала бойынша 105 821 тұрғыннан өтініш келіп түскен.
Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Утебаева ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлім етті.
«Өтінімдерді egov.kz – веб-порталы, 42500.enbek.kz порталы, telegram-bot-тар, Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы және де екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады. Біржолғы төлем жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге, жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға берілетін болады»,-деді Ж.Утебаева.
Айта кетейік, өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Төлем шілде айына ғана төленеді.