Шымкент
Шымкент қаласында тұратын жастарды жұмыспен қамту мақсатында «екі қолға бір күрек» іздеген, қолында маман иесі атанғанын қуаттайтын дипломы бар оқу орындарының түлектерін «Жастар практикасы» шақырады.
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Сонымен, Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты аясында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын жастар практикасы ұйымдастырылып жатқанын назарларыңызға жеткіземіз. Жастар практикасына қатысу үшін қойылатын талаптар:
1. 29 жастан аспаған түлектер;
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер;
3. Оқуды аяқтағаннан соң 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
Жастар практикасының ұзақтығы — 6 ай көлемі боп бекітілген.