Weekend

Театрға бармайтындар

«Тазарғың келсе, театрға бар»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

«Тазарғың келсе, театрға бар». Осы сөзді елеп, ескеретін, тазаруға құлшынысы бар адамдар көп қазір біздің қоғамда. Ал, сіз білмедіңіз бе? Онда төмендегі шағын блогқа назар аударыңыз.

"Театрға қазір ешкім бармайды, әсіресе жастар бұрынғыдай бұл орынға бару әдетін қойды" деген сөздерді көп естисіз бе? Ал осыны кім айтады? Әрине, өздері театрға бармай жүрген адамдар, себебі олар театрға барса, бұлай айтпас еді, сенімдімін. Қанша қойылымға бардым, барлығында зал толы болады, тіпті премьера кезінде билет табу қиын, өз көзіммен көргенімді жазып отырмын. Сосын таңғаларлық емес, көрермендердің жартысы жас буын өкілдері. Салыстыра қарасақ, мен Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында болып көрдім, олардың қойылымдарында зал толы болды деп айта алмаймын, тіпті өте аз. Енді кім айтады орыс xалқы бізден мәдениеті жоғарырақ деп? Қазақтар театрға жиі барады, олардың мәдениет туралы түсінігі жоғарылауда. Ал, енді "театрға ешкім бармайды" деп айтатын адамдар алдымен өздері сол мекенді көріп қайтсыншы, сосын бірақ өз түйіндерін шығарады. 
Театр десе, маған Санкт-Петербургке барған сапарым есіме түседі. Біз сол қалада орналасқан әлемгі әйгілі Мариин мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылым көру үшін 1 ай бұрын билеттерін сатып алғанбыз, ұшаққа билет аларда. Ол жақта алдын орап алмаса, мүлде орын қалмайды. Тіпті 1 ай бұрын алынған билеттің өзінде, біз саxнадан алыстағы балконда отырдық. Қызығы, орыстарда біз сияқты той-томалақ болғандықтан, олар үшін нағыз тойол театр. Әйелдер өздерінің ең әдемі кешкі көйлектерін киеді, беттерін арнайы әрлейді. Ер адамдар да кем түспей дайындалады. Олардың театрға деген құрметі осындай деңгейде. 
Бірінші сапарда көрген қойылым "Ромео және Джульетта" балеті болатын, маған қызық болды. Ал екінші сапардағы барған қойылымым -"Аида" операсы, әлі бала болғанан ба, операға зауқым соқпады, әлі де бұл өнерді дұрыс түсініп жүрген жоқпын
Қорыта,  театр туралы сейілтік ой қалыптастыруларыңызды қойғаныз жөн деп ойлаймын. Бір рет болсын қойылымға барып, өз пікіріңізді қалыптастырыңыз. Сіз бұл өнерге ғашық болып қалатыныңызға сенімдімін.