Шымкент

Шымкент қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарында Индустрия 4.0 элементтері енгізілуде

Ғаламдық процесс

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өнеркәсіпті цифрландыру міндетін алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев 2017 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойды.

«Индустрия 4.0» термині әдетте төртінші өнеркәсіптік революциянің синонимі ретінде пайдаланылады. Яғни, өндіріске киберфизикалық жүйелерді жаппай енгізу және тұрмыс, еңбек пен бос уақытын қоса алғанда, адамның қажеттіліктеріне қызмет ету, сондай-ақ өндірістегі барлық процестерді толық ауқымды автоматтандыру ретінде түсініледі. «Индустрия 4.0» аясында енгізілетін негізгі технологиялар — үлкен деректер, заттар интернеті, виртуалды және толықтырылған шынайылық, 3D-баспа, кванттық есептеулер, блокчейн, роботтандыру.

 Бүгінгі таңда Шымкентте 4 кәсіпорын 2024 жылдың соңына дейін 2 млрд.теңге сомасына 23 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде 1,7 млрд. теңге сомасына 12 жоба іске асырылды. («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Бал Текстиль» ЖШС, «Karlskrona LC AB» ЖШС). 2024 жылға дейін инвестиция көлемі 517,4 млн. теңге болатын цифрлық технологияларды енгізу бойынша 11 жобаны іске асыру жоспарлануда.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өнеркәсіптік нысандарды цифрландыруға бағытталған кейбір бастамаларына: «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ және «QazIndustry» АҚ бірлесіп құрылған технологиялық платформаның көмегімен отандық өнеркәсіптік және АТ кәсіпорындарын қолдаудың экожүйесін құру қажеттілігі», өнеркәсіпті цифрландыру және Индустрия 4.0 көшу үшін жағдай жасау жөніндегі негізгі қадамдарды айқындау,  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізу үшін кәсіпорындарды цифрландыру бойынша ұсыныстар жатады.

Индустрия 4.0 көшу мәселелері бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеудің тиімді тәсілі болып табылады. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек.