Шымкент

Карантин талаптарын сақтамаған мейрамхана иелері жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары жалғасын табуда.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қоғамдық тамақтандыру, сауда, т.б., адам көп жиналатын орындарда карантин талаптары ұдайы назарда.

Өткен демалыс күндері Еңбекші ауданы бойынша кезекті рейд ұйымдастырылды. Мобильді топ түскі уақытта «Алтын Мерос» мейрамханасында отбасылық іс-шара өтіп жатқанын анықтады. Рейд барысында мейрамханада 200-ге жуық келуші болған.

Сонымен қатар, К.Цеткин көшесі №49 үйде тағы бір заң бұзушылық тіркелді. Бұл жеке үйде 60-70 келуші бар үлкен іс-шара ұйымдастырылған.

Мобильді топ бір тәулікте 72 кәсіпкерлік нысанын тексерді. Нәтижесінде карантиндік режимін бұзған 2 заң бұзушылық анықталды.

Мобильді топ азаматтар мен мекеме иелеріне карантиндік режим жалғасатынын және бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау керектігін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында Әл-Фараби ауданында мобильді топ карантин талаптарды сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі