COVID-19

Мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясы өршуде

Қазақстанда 825 оқушыда коронавирус инфекциясы анықталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Вице-министр, Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов брифингте мектеп оқушылары арасындағы коронавирус жағдайлары таралып жатқандығы  туралы айтты, - деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында коронавирустың 825 жағдайы тіркелді, оның 261 кезекші сынып оқушылары, 564 үйде оқитын балалар.

Соңғы аптада кезекші сыныпта оқитын оқушылар арасында коронавирустың 62 жағдайы тіркелдіт және 9 облыста коронавирустық фактілер анықталды. Ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында - 32 жағдай, Павлодар облысында - 12, БҚО-да - 5. Басқа аймақтарда - оқшауланған жағдайлар.