Bugin

Коронавирус: 1 күнде 745 адам, 9 өлім

Елімізде коронавирус және пневмониядан 745 науқас анықталған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

6 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 712 адам анықталды, 33 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы Azattyq.org сілтеме жасап.

ПТР-тест нәтижесі оң шыққан науқастар арасында бір күнде 9 адам өлімі тіркелді.

Өткен тәулікте Павлодар облысында - 106, Шығыс Қазақстан облысында 100 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Осыған дейін ШҚО бірнеше апта бойы коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші бойынша алда келген еді. Жексенбі күні Қостанай облысында - 77, Нұр-Сұлтанда - 67, Ақмола облысында - 60, Батыс Қазақстан облысында - 43, Атырау облысында - 29, Қарағанды және Алматы облыстарында әрқайсында 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Билік аймақтағы коронавирус пневмониясы есебін сирек жариялайды. 1 тамыздан бері 43 106 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 31 мыңға жуығы жазылған, 454 адам қайтыс болған.

Наурыз айынан бері 136 983 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Осы уақыт аралығында ПТР-тест нәтижесі оң көрсеткен науқастар арасында 2088 адам өлімі тіркелген. Наурыздан бері 120 799 адам жазылған.