Bugin

Алматыда ХІІ Азаматтық форум өтті

Азаматтық қоғам құру мәселелері

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Алматы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Форум барысында экология, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және цифрландыру салаларында қала алдында тұрған міндеттерді шешу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері көтерілді.

Спикерлер қаланы жақсартуда, көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуде өз пікірлерін білдіруге және сөйлеуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

- Қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін, ел үкіметі қойған міндеттерді жүзеге асыру мен қала өмірін, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабуымыз қажет. Егер сыбайлас жемқорлықпен бүкіл қоғам болып күресер болсақ, онда оның алдын алуға үлкен мүмкіндік тумақ. Қоғамдық бақылаудың тиімді құралы мониторинг болып табылады, соның нәтижесінде әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды, мемлекеттік қызметтердің сапасы артады, - деп атап өтті арнайы топ басшысы Нұрлан Жазылбеков.

Сондай-ақ форум барысында "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Александр Братенков "заңды сақтау мен оны бұзудың алдын алуда, жауапкершілікке тарту мен сыбайлас жемқорлықтың себебін болдырмауда азаматтық қоғамның рөлі басым" дейді.

- Бұл форум пікірталас алаңы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудың тағы бір қадамы, - деп атап өтті ол.

Форумға қатысушылар қарар қабылдап, жаңа идеялармен, оң жұмыс тәжірибесімен алмасты.