Қоғам

Еліміздегі халық саны өсті

Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

2020 жылғы 1 қарашаға еліміздегі халық саны 18833,1 мың адамды құрады. Бұл туралы  Қазақстан Республикасының Статистика комитеті хабарлады. 

2019 жылғы 1 қарашадан салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Оның ішінде қалалықтар – 11109,8 мың (59,0%), ауылдықтар – 7723,3 мың адамды (41,0%) құрады. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент (36,4 мың адам) қалаларында қалыптасты.

2016 жылы Тәуелсіз Қазақстан тарихында ең көп көрсеткіш 400 мың балаға жеткен болатын.

Ал рекордтық көрсеткіш 1987 жылы болды. Онда Қазақстанда 417 мың бала туылған.