Қазақстан жаңалықтары

2021 жылы қанша күн демаламыз?

Демалыстың көбі қаңтар мен мамыр айларына түсіп тұр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандықтар үшін 2021 жылы 244 жұмыс күні, 121 демалыс күні болмақ. Демалыстың көбі қаңтар мен мамыр айларына түсіп тұр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Келесі жылы ұзаққа созылатын демалыс күндері:

Қаңтарда Жаңа жыл мейрамына қарсы - 4 күн;

Наурыз мейрамы - 5 күн;

Мамырда Жеңіс күніне қарсы - 4 күн;

Желтоқсанда Тәуелсіздік күніне қарсы - 4 күн.

Қалған мерекеде 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күннен демалады. Бұл діни мейрамдарды қоспағанда - 7 қаңтар, Рождествода және 20 шілде Құрбан айтта қазақстандықтар бір күн ғана демалады.