Спорт

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегінің уақыты анықталды

Канело Головкинмен өтетін үшінші жекпе-жектің уақытын белгіледі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Екінші орта салмақтағы WBC және WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес қашан рингке шығатыны белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Спорт порталының мәліметінше, 27 ақпанда Мексикада Канело WBC нұсқасы бойына әлем чемпионы атағын қорғайды. Ол Авни Йылдырыммен жұдырықтасады.

Егер Альварес жекпе-жекте жарақат алмаса, ол мамырда рингке қайта шығуы мүмкін. Кездесу "Синко де Майо" мерекесіне орай өтеді.

BoxingNews24 шолушысы Дэн Эмброуздың айтуынша, мамырда Канело DAZN стриминг сервисімен Головкинмен 3 рет жұдырықтасу бойынша келісімге келген. Келісімнің 3 нұсқасы бар: қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізу, WBО чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен бірлескен жекпе-жекті немесе IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен қарсы кездесу өткізу.

Еске салайық, Головкин мен Канелоның алғашқы жекпе-жегі (2017 жылдың қыркүйегінде) тең нәтижемен аяқталған еді. Ал екінші кездесуде (2018 жылдың қыркүйегінде) мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.