Қоғам

Қазақ жігіттері ел батырына көлік сыйлады

Шавкат Рахмоновқа қазақ жігіттері автомобиль сыйлады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақ жігіттері UFC чемпионы қазақстандық Шавкат Рахмоновқа көлік сыйлады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Бұл - қазақ жігіттерінің ниеті. Батыр жаяу жүрмесін дедік. Ол қазақ жігіттері үшін сын емес пе дедік. Сондықтан болар елдің жігіттері болып, қазақ жігіттері атынан Шавкат бауырымызға тұлпар", - деді видеода актер Әділ Ахметов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Сондай-ақ, видеодан әнші Сәкен Майғазиевті көруге болады. Қазақтың бір топ жігіті Рахмоновқа Toyota Camry 70 көлігін сыйлаған. Компанияның Қазақстандағы дүкендерінде аталған көліктің бағасы 10 870 000-нан басталады.

Еске сала кетейік, қазанда Шавкат Рахмонов UFC-де өзінің дебютін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны жеңген болатын. Қазақстандық файтер ММА-де 13 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған.