Weekend

Белгісіз диалог

- 4-і күні симфониялық концерт болады екен? Бос болсаң барып қайталық? - Орта ғасырдың классикасы... Керек емес, баруға зауқым жоқ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

- 4-і күні симфониялық концерт болады екен? Бос болсаң барып қайталық?

- Орта ғасырдың классикасы... Керек емес, баруға зауқым жоқ.

- Сен классиканы ұнатпағаннан емес, шақырушыны ұнатпағаннан бас тартып тұрған боларсың?

-Ол да мүмкін. Алайда, белгісіз.

- Театрға барушы ма едің? Қаласаң баралық. Жалғыз баруға аяғым тартпайды.

- Театр. М. Әуезов театрына барып тұратыным бар еді. Алла жазып бір қойылымда жолығып қалсам, қарсы емеспін, аға.

- Ммм. Сонымен «Жоқ» дейсің ғой. Әсте, Ғ. Мүсірепов театрын жақсы деп айтар едім. Өздері де дәлелдеп жүр.

- Өзім қызықпаған мәселе туралы сөз қозғағым келмейді. Ол мен үшін өте жалығарлық болар еді.

- Қуаныштымын.

 Аға дейсің, ә?! Әйгілі Гете 72 жасында 17 жасар қызға ғашық болғанын оқыдым. Роман ішінен кезігіп қалған. Бас, аяғы екі-үш күнде сені кезіктіріп қалдым. Одан арғысын өзің білесің. Әлемжелі арқылы әңгімеміз жарасып келеді. Бірақ, мендегі күдік сейілер емес. Сен мені «аға» ретінде ғана сыйлап жүрсің. Дұрыс қой?!

- Гете сүрген ғасыр мен біздің ғасырды салыстыруға келер ма? Келмейді. Ал сіз менен 5 жасқа үлкенсіз. «Аға» деп аңқылдамасыма не себеп?! Сіздей «жан» тапқаныма, анығырақ айтсам, «аға» тапқаныма мен қуанбай кім қуанар?!

- Гетеде туған сезім қазіргі қарияда жоқ дейсің бе? Олар да жас күніндегі ынтық сезім әлі де бар. Тек олар қорқау. Осы күніне шүкірін айтады да отыра береді. Гете секілді тәуекелге бел буып махаббатын жария етсе, тарихта қалушы еді.

Ал сен әңгімені басқа арнаға бұрып жібердің. Біріншіден, сен менің туысым емессің, «аға» деп аңқылдайтындай. Екіншіден, өткен ғасыр адамдарына, ер-әйелдеріне көз сал. Үшіншіден, жер бетіндегі өзіңнен үлкен жігіттің бәрін «аға» дей берсең, жұпсыз қаларсың. Кіммен отау құрып, кіммен ғұмыр кешпексің? Ех, «Ұлпанды» оқымаған қыздар отызға келмей ақылдары да кірмей жатқаны жанымды жабырқатады.

- Әңгімеңіздің тоқетерін түсіндім, алыстан орағытпасаңыз да жөн. Гете мен гендік жүйені қоя тұрайық. Сіз өзіңізге деген сезімімнің пайда болғанын қалайсыз. Достаевскийге ұқсап ғұмыр бойы бақытсыз болғыңыз келеді ме, сіздің тұңғиық ойыңызды, қиялыңызды түсінбейтін қызды өмірлік жар етіп алып. Өмір сағаты таусылар сәтте Достаевскийдің әйеліне мұңая қарап тұрып « Сен мені түсіне алмадың» деп айтқан сөзін оқығанымда жаным жабырқап еді. Басымнан өтпесе деп тіледім...

- Достаевксийдің өмірге өкпесі, ащы өксігі болмаса, тарих тоғысында қалатын шығармалар жазушы ма еді, бір сәт ойланып көрші? Менің де сен әр «аға» деген сәтіңде арымды аш бөрі талағандай күй кешіп, неше әңгіменің бетін қайырдым, түн жамылып қаншама шығарма жаздым десеңші...

- Болды, сөз таластырғым келмейді. Аяқтыға жол,ауыздыға сөз берер емессіз ғой, тегі. Мен сізді тек «аға» ретінде сыйлаймын. Басқа ештеңе...

- Есенқұлдың бір өлеңі бар еді.

...Ағаңда ғажап айтылмай жүрген сыр барын,

Аңқауым менің, әлі де ұқпай жүр жаның.

Ағалық менің ықыласымның артында

Аңқасы кепкен аңсаудың бұғып тұрғанын...

...Айтуға соны оқталып барып неше мың,

Алдыңа келсем атымтай болып кетемін.

Адаспай тұрып айтуым керек шығар-ау,

Ағалығымның алдамшы қылық екенін.

- Айтып та үлгердіңіз.

«Дорриан Грейдің портретін» оқып жүрмін. Ирландық жазушы Оскар Уайлдтікі.«Ғашықтық алдымен өзіңді алдаудан басталып, ақырында біреуді алдаумен аяқталады. Міне, осыны махаббат деп атайды»- дейді бас кейіпкерлерінің бірі. Ашығырақ, лорд Генри Уоттон. Қысқасы, менің алданғым келмейді...

- Бәрібір алданасың. «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан». Мен алдап, менің торыма түспесең де, ес түссіз ғашық болған адамыңның алданышы боласың. Өмір деген осы, қарағым. Ақылсып тұр деме. «Өзінің ақымақ екендігін білген ақымақты одан кейін ақымақ деуге болмайды»,-деген бір жазушы. От басып, жалынымды махаббатқа жеңдіріп алған соң айтып тұрған жайым. Ақыл айтуға «ағалық правам» бар шығар, ә?!

- Сіз Феноменсіз. Ия, ия, сіз феноменсіз. Пышақ жеп, темір шайнайтын, ұйқысыз жүріп тынығатын, қалам қауқарынан қуат алатын, отты жұта алатын, тағы не бар еді... Әйтеуір табиғат құбылысына қайшы келетін бар тірлікті жасай алатын адамсыз. Ал қарапайым дүниеге келгенде титықтап ақылдыдан ақылсызға айнала саласыз. Қыздың сізге деген сезім ұшқыны белең бермейтінін білесіз де, теріс айналып кете салуды білмейсіз.

- «Екі күймек бір жанға әділет пе?» айтшы соны. «Ал қазір солған жүрек, тонған кеуде» деп Мұқағалиға ұқсап түн жамылып сары уайым кешкім келмейді. Түсін...

- Ал мен ғұмыр бойы өзім сүймеген адаммен, көңілімнің көлеңкесінен шыға алмаған адаммен өмір кешкім келмейді. «Аға» дегенім де сіз екеуміздің арамызда дистанция бар екендігін еске салып жүру үшін еді. Түсініңіз... Және кешіріңіз. Сіздің алдыңызда кінәлімін.

- Атама! Кінәлі емессің. Себебі, абсалюттік мағынадағы тазалық өмірде жоқ. Әр кінәміз үшін кешірім сұрай берер болсақ, көшедегі тіленшіден еш айырмамыз қалмайды. Жә, осымен доғарайық.

- Аға ендігі әрі маған жазбағаныңызды қалаймын!

- 4-і күні симфониялық концерт болады екен? Бос болсаң барып қайталық?...