Әлеумет

Сансыз сынақ сағыңды сындырмасын

Өмірде бәріде өткінші...

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өмір - сенің мүмкіндігің, пайдалана біл.
Өмір - сұлулық, сүйсіне біл.
Өмір - арман, оған жетуге әрекет ет.
Өмір - парыз, орындай біл.
Өмір - ойын, ойнайтын уақытта ойнай біл.
Өмір - байлық, бағалай біл,.
Өмір - махаббат, ләззат ала біл.
Өмір - қызық, оны қызықтай біл.
Өмір - құпия, сырын аш.
Өмір - қайғы, көтере біл.
Өмір - күрес, жеңе біл.
Өмір - бақыт, баянды ете біл.

Әрине, өмір жолы – даңғыл емес. Өрі де, ойлы-қырлы шұңқыры да жетерлік. Өмір сынынан сүрінбей өту – әр азаматтың басты парызы. Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі. Талаптанады, талпынады. Құлайды, сүрінеді, тізе бүгеді. Өмірдің бір кірпіші боп қалануға бар-ынта жігерін салады. Барлығына да бір көркем сипат мінез керек. Ол – сабырлық. Мен бағалайтын, ұмтылатын, ашуды ақылға жеңдіретін нәрсе осы – сабырлық. Мені жақсы танитын құрбыларым, бауырларым, бірге оқыған достарым оны жақсы біледі деп ойлаймын.

Түрлі сынақ өмipiмiздiң әpбір cәтiне жapық беріп, жaуaпкеpшiлiгiмiздi дұpыc cезiнуiмiзге мүмкiндiк беpедi.
Сынaқтың мaқcaты – адамды шыңдaу, шынaйы cенiм шыңынa шығapу деп білемін.

Әрине....Өмірде түрлі қиындыққа тап болған адамға өз-өзін ұстай білуі, әсіресе сабырға келуі оңай іс емес. Сондықтан болар сабыр етушіге берілетін сый мен оның алатын сауабының мөлшері көрген қиындықтарына сәйкес көбейе түседі екен.

Әр нәрсенің бір қайыры бар…Бірақ басына сынақ түскенде мұны мойындау қиын. Кейін ақылға салсаң солай екенін түсінесің. 

Дүниелiк cынaққa caбыpлық тaнытқaн aдaмның pухaни болмыcы бaйи түcедi. Aл, бұл оңaйлықпен келмейдi.
Caбыpcыз бен қиыншылыққa төзiмciз жaн бұл шыңды бaғындыpa aлмaсы анық.



Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін