Bugin

Қазақстанда азық-түлік екі есе қымбаттады

2020 жылы инфляцияның жоғары болатынын түрлі ұйымдар болжаған еді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанда бір жылдың ішінде азық-түлік бағасы 20-40 пайыз арасында өсіп, қымбатшылық кезеңін бастан кешірді.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың желтоқсан айына дейін қарақұмық 40%, өсімдік майы 33%, қант 33%, ұн 20%, қияр 36% қымбаттаған. Алкогольсіз ішімдіктер 11% қымбаттаса, алкогольді ішімдік 10%, аяқ киім мен киім-кешек 5% өскен.

Ал 2020 жылдың инфляциясы 7,5%-ды құрап отыр. Денсаулық сақтау саласында инфляция 7,4%, мейрамхана мен қонақ үй 7%, транспорт 4%-ға жетті.

2020 жылы инфляцияның жоғары болатынын түрлі ұйымдар болжаған еді. Мәселен, AERC сарапшылары 7,9%-ға, Еуропа мен ТМД елдері бойынша S&P ұйымы 7,7%-ға жетеді деп болжаған.

Ал 2021 жылы Қазақстанда инфляция 6,1%-ға тұрақтамақ. Экономист мамандардың айтуынша, 2020 жыл Қазақстан үшін 1995 жылдан кейінгі ең ауыр жыл болды. Экономикалық өсімі 3,6% төңірегінде тоқырап, сауда-саттық деңгейі $1 млрд төмендеп кетті. Ал 2020 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4,1 пайызға жетуі мүмкін. Бірақ өткен жылда "қансырап" қалған экономика бір жылдың ішінде қалпына келуі екіталай.

Сондықтан қымбатшылық әлі жалғасуы мүмкін.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61