Білім және ғылым

Білім үшін жан пида. I бөлім

Білімдіге дүние жарық екені белгілі. Дегенмен сіздің балаңыз мектепке баруды ұнатпайды ма? Егер балаңыз осы қатарға жататын болса, төмендегі оқиғаларды оқытып көріңіз. Өмірден алынған жайттар арқылы оның ойын өзгерте аласыз

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

 

Ауғанстан 

     Ауғанстанда білім алу үшін қыз балалар өз өмірін қатерге тігеді. 2001 жылға дейін әйелдердің не жұмыс жасауға, не білім алуға құқығы болмаған еді. Алайда бұл шектеу Талибан режимі құлатылғаннан кейін алынып тасталды. Соған қарамастан білім алатын қыздар радикалдар тарапынан жәбір көріп жатыр. Ауғанстанда 2015 жылы мектеп табалдырығын аттаған үш қыз қышқылмен тұншықтырылды.

   Жараланғандардың бірі: «Тіпті бұл оқиға жүз рет қайталанса да алған бетімнен таймаймын. Ешкім де, ештеңе де мені тоқтата алмайды. Бәрібір мектепке баруды жалғастырамын» деді. Ең қорқыныштысы бұл орын алған бірінші және соңғы оқиға емес. Бұл елде әйелдерге қатысты барлық қылмыстық іс жылы жабылып қалады.

Пәкістан

     Пәкістандық Малала Юсафзай есімді қыз білім алу үшін өз өмірін құрбан етті. Ол 11 жасында өзінің Пәкістандағы өмірі жайлы блогын жүргізе бастады. Блогтарының бірінде Талибан исламистік қоғам мүшелері әйелдердің мектепке баруына тыйым салғаны, сондай-ақ ұйымның басқа қылмыстары туралы жазды. Осы ісі үшін Малала Юсафзай мектептен қайтып бара жатқан жолда оққа ұшты. Ол ес-түссіз халге түседі. Дегенмен батыл қыз сауығып шығып, бұрынғы өміріне қайта оралды.  Кейіннен мұсылман әйелдерінің білім алуы үшін күресін әрі қарай жалғастырды.

  17 жасында әлемдік Нобель сыйлығына ие болды. Малала Юсафзай мұндай атаққа ие болған ең жас әйел. «Мен біздің елде білімнің басым болғандығын армандаймын»  дейді Малала.

    Дамыған елдердегі оның қатарластары түрлі кештерге барып, универститетте білім алуды жоспарласа, Малала  әйелдердің білім алу құқығы үшіни күресуде.        

    

 

Филипин

   Джойс Гилос түсірген суреттен соң  кішкентай Даниэль Кабрера үлкен танымалдылыққа ие болды. Даниэльдің әкесі қайтыс болып, үйлері отқа оранды. Содан соң анасы екеуі көшеде қайыр тілеп күн көруге мәжбүр болды. Алайда Даниэльдің білімге  құштарлығы мектепте оқуына кедергі болмады.

    Даниэль Макдональдс дәмханасының  жарық түсетін терезесі маңында үй тапсырмаларын орындайды. Даниэльдің суреті әлеуметтік желіде «Егер бұл саған шынайы маңызды болса, сен мүмкіндік табасың. Болмаса сылтау табасың» деген жазумен тарап кетті.