Мәдениет

"Клиптерден мән кетті, шоу бизнестен сән кетті". NNN мен Baha Puper-дің бейнебаяны сәтсіз шықты

Халық арасында өте танымал NNN (Нұрдәулет Бектұрсын) және Baha Puper (Бақытжан Акпаров) «Hi One» (Хай Уан) атты жаңа әндеріне түсірілген су жаңа бейнебаянның тұсауын кесті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Танымал инста жұлдыздар NNN  (Нұрдәулет Бектұрсын) және Baha Puper (Бақытжан Акпаров) «Hi One» (Хай Уан) атты жаңа әндеріне түсірілген бейнебаян жарық көрді. Бұл туралы Bugin.kz авторлар платформасы хабарлайды.

Бұрын-соңды шоу-бизнесте болмаған, ең қымбат бейнебаян деп халық көп күткен болатын. 
Алайда жігіттер "хайп-хайп" деген айыпқа қалып қойды.  

«Ол клипке кеткен ақшаға үй алуға болатын еді» -  деген сөзге сенген халық бейнебаянды көргеннен кейін:

"Клиптерден мән кетті, шоу бизнестен сән кетті", "жыл пранкі", "қазақ еліне +1 мағынасыз ән", "мән-мағына чатты тәрк етті", "осы ма сонша күткенім", "әркім өз ісін жасау керек" деген сияқты көптеген көрерменнің сынына батты. 

Халық асыға күткен бұл клип 3 сағатта 250 000 қаралым жинады. Бейнебаянда 4500 пікір болса оның 95% пайызы көңілі қалған көрермен. Халықты бір шулатқан бұл бейнебаянға шынында қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз, бірақ пікірлерге қарап жігіттердің бұл туындысы сәтсіз шыққанын аңғару қиын емес.