Саясат

Елбасы: "Айқын жеңіспен құттықтаймын!"

Елбасы "Nur Otan" партиясының мүшелерін жеңісімен құттықтады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық «Nur Otan» партиясының мүшелерін айқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

– Баршаңызды «Nur Otan» партиясының айқын жеңісімен құттықтаймын. Экзит-полдың алдын ала нәтижелері қазақстандықтар еліміздің әрі қарай дамуын біздің партиямызбен байланыстыратынын көрсетті. Сайлаудың ел тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Осы уақытта орасан зор жұмыс атқарылды. Ең бастысы ­– жаңа ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қаланды, ­– деді Елбасы.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы сайлауалды үгіт-насихат науқаны мен сайлау пандемия және соның салдарынан туындаған экономикалық дағдарыс жағдайында өткенін де айтты.

– Әлемде коронавирус індетіне шалдыққандар саны артуда. Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың құлдырауы мен жұмыссыздық өседі деп болжап отыр. Бұл жағдайда біртұтас саяси күштің айналасына топтасқан қоғам ғана жеңіске жетеді, ­– деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Айта кетейік, сағат 00:00-де экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61