Саясат

Қоғамдық пікір: Халық сайлауға сенбейді

"Адалға" дауыс бергендер сайлаудың әділдігіне сенбейді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

10 қаңтар күні Қазақстан Республикасында  Парламент мәжілісі, мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Ел бойынша жүргізілген сайлау сауалнамасының қорытындысы бойынша, әдеттегідей “Нұр Отан” партиясы 71,97%-бен жеңіске жетті. Ал "Ақжол" партиясы 10,18%, "Қазақстан халық" партиясы 9.03%-бен үштік тізіміне ілінді.

Дегенмен халықтың көп бөлігі дауысын ең төменгі тізімнен орын алған "Адал" партиясына бердік деп наразылық білдіруде.

Желі қолданушылары аталған ұйымды мемлекетке ең керек партия деп таныды. "Адалды арамдар жеңді,өкінішке орай", "Адалды халық қолдады,арамды харамдар қорғады...", "Адалды әдейі ең төменгі орынға қойды. Адал келсе халықтың бар жан айқайы ашылар еді", "Адал партиясы үшін барғанмын,енді бармаспын" деген пікірлерін сайлау аяқталса да, әлі күнге дейін жаудырып жатыр.

 

Алайда журналист әрі «Адал» партиясының мүшесі Мақсат Толықбайдың айтуынша, тәуелсіз бақылаушылардың протокол нәтижесі енді бітіпті, адал партиясы 29%-бен екінші орынға шықты.

Халықтың ойы осы орын алған жағдайдан кейін екіге бөлінді. Бірі «Адалға сенеміз, нағыз халықтың жағдайын ойлатын осы партия» десе, енді бірі «үмітіміз үзілді, жылдағыдай Нұр Отан партиясы билікте қалады» деседі.