МӘДЕНИЕТ

Ресейлік әртіс дәретханасын алтыннан, қабырғасын тұздан жасатқан

Ресейлік әртіс өрттен кейінгі жөндеу жұмысы жүргізілген үйін көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресейлік танымал әртіс Бари Алибасов өз үйінің жаңа құрылысын «атомдық жарылыс» деп атады. Өрттен кейін үйіне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізген әртіс бұл жолы барлығын ерекшеледі.

Теңіз тұзынан жасалған қабырға, алтын дәретхана, инфрақызыл сауна және эротикалық жатын бөлме. Бұның барлығы Бари Алибасовтың үйінде. Осынша сәннің құны 75 миллион рубльді құрайды. Мұндай ақшаға сіз 20 метрлік яхта немесе Майорка аралынан вилла сатып ала аласыз.

Пәтерге кіре берістен сізді Алла Пугачеваның тау хрустальдарынан жасалған портреті қарсы алады. Бұл туынды бекер ілінбеген. Алибасовтың айтуынша, «Примадонна» үш жыл бұрынғы өрт кезінде қиын жағдайда оған алғаш көмек қолын созған жан екен.