Bugin

«Ералаш» балалар киножобасының негізін қалаушы Борис Грачевский қайтыс болды

Ералаштың көркемдік жетекшісі Борис Грачевский 72 жасында коронавирустан қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Борис Грачевский 28 желтоқсанда ауруханаға жатқан. Оған дейін коронавирустың анықталуына байланысты ол үйінде терапиядан өткен. 10 қаңтар күні дәрігерлер Борис Грачевскийдің денсаулығы бірқалыпты деп мәлімдеген. 

1974 жылы Борис Грачевский мен Александр Хмелик "Ералаш" жобасының негізін қалайды. Осы уақытқа дейін "Ералаш"- тың 6 сезоны шықты. Ал 2017 жылы "Ералаш кинода" атты толықметражды фильмі жарық көрді.