Әлем жаңалықтары

АҚШ президенті Джо Байден әрбір американдыққа 1400 доллар бермек

Джо Байден Американың экономикалық саясатын жақсарту мақсатында әрбір американдыққа 1400 доллар (587804 теңге) ұсынбақ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

 

 

Джо Байден үй шаруашылығындағы адамдарға бір триллион доллар, кіші бизнесті қолдау үшін 440 миллиард доллар бөлінуін өз қолына алды. Ал коронавирустан зардап шеккен адамдарға 415 миллиард доллар қаражат жұмсамақ.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Американың әрбір тұрғынына АҚШ Конгрессінде қабылданған 600 доллар өтемақыдан бөлек,1400 доллар көлемінде қаражат бермек. Елдегі барлық салық төлеушілер төлемді ала алады. Конгрессте бекітілген 600 долларлық чекпен бірге салық төлеушілерге тікелей төлемдер желтоқсан-қаңтар айларында бір адамға 2000 долларға, ал пандемия басталғаннан бері 3200 долларға жетті.