Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда бала туудан рекордтық көрсеткіш орнады

2020 жылы елде бала туудан 30 жыл болмаған көрсеткіш орнады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҚР Статистиканы комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін 386 893 cәби дүниеге келген. Желтоқсан айының деректері кейінірек қосылады. Мұны Bugin.kz платформасы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Демографиялық статистиканы зерттеуші Мақсат Имандосовтың айтуынша, Қазақстанда 1987 жылдан бері мұндай бала туу көрсеткіші бірінші рет орын алған. 

 "Бұл абсолютті рекорд. Қазіргі Қазақстан тарихында бұрын-соңды мұндай көрсеткіш тіркелмеген", дейді ол.

Статистика агенттігінің мәліметінше, бала туу көрсеткіші жағынан келесі өңірлер көш бастап тұр. 

  • Алматы (62,7 мың адам)
  • Нұр-Сұлтан (48,1 мың адам)
  • Шымкент (36,4 мың адам)

Бұған дейін еліміздің Ұлттық статистика бюросы ең танымал есімдердің тізімін жариялаған. 2020 жылы туылған ұл балаларға Әлихан есімі көп берілген. Олардың саны - 4577 бала. Екінші орында – Айсұлтан (3320). Үшінші орында – Нұрислам (2904). 

Қыздар арасында ең танымал есімдер – Медина (5403), Айлин (4855) және Раяна (4588).