Білім және ғылым

Қазақ ғылымының асқар шыңы

Белгілі ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев осыншама еңбекке оңай жеткен жоқ. Студенттік шағында көрген қиындығы аз емес еді. Алайда барлық кедергіні бұзып геология ғылымының шыңына шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

XlX ғасырдың наурыз айында Қазақ елінде бір жарық жұлдыз дүние есігін ашты. Оның болашағы ғұлама болумен жалғасатынын ешкім білмеді. Бала кезінен туған жерінің топырағындағы әртүрлі тасты жинағанды жақсы көретін. Оның сол кездегі бала жүрегі әлемнің түкпір-түкпіріндегі тау-тасты зерттейтінін, геология ғылымына үлкен үлес қосарын сезген болар.       

Әрине, айтып отырғаным тек Қазақстан ғылымында ғана емес, әлемдік геология ғылымына өзіндік еңбектерімен ойып тұрып орын алған академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Ол негізгі еңбектерін кентасты геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арнаған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның металлогендік және болжам картасын жасау үшін көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 

Мінекей, Қ.И. Сәтбаевтың қиындыққа толы өмірінен кейін қандай ерең еңбектерге жеткенін сараладық. Қазіргі таңда Сәтбаев атымен аталған институт, ғаламшар, мұздық, гүл сияқты тағы да басқа керемет тың дүниелер бар. Ең кереметі Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған метал соның құрметіне "Сәтбаевит" аталған. Біз бұндай тұлғаларды мәңгілік мақтан тұтып, өзгелерге үлгі етіп айта беруден шаршамаймыз. Болашақта елімізде Қ.И.Сәтбаев секілді таудай тұлғалар шығатынына сенемін.