Әлем жаңалықтары

Samsung басшысы түрмеге түсті

Ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

18 қаңтарда Samsung Electronics корпорациясының вице-президенті және басшысы Ли Чжэ Ен екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

52 жастағы кәсіпкер сыбайлас жемқорлықпен ұсталған. Ол осыған дейін  коррупциямен ұсталып, биліктен шеттетілген Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хеға көмектескен.

Тексеріс барысында корпорация басшысы бұрынғы президенттің құрбысы Чхве Сун Сильдің екі спорттық компаниясына 43 млрд вон бергені анықталды.

1938 жылдан бері Samsung компаниясын бір отбасы басқарған. Ал негізін қалаушы Ли Бен Чхоль қайтыс болған соң, 1987 жылы билік оның ұлы Ли Гон Хиға өткен. 27 жыл ішінде корпорация әлемдік алпауыт брендке айналды.