Денсаулық

Массаждың сіз білмейтін пайдасы

"Массаж" – француз сөзі. Ол денеге медициналық, гигиеналық, спорттық, косметикалық және тағы басқа мақсатпен механикалық әсер ету тәсілдерінің жүйесін құрайды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]
  Массаждың сіз білмейтін пайдасы

"Массаж" сөзі француз тілінен шыққан. Ол денеге медициналық, гигиеналық, спорттық, косметикалық және тағы басқа мақсатпен механикалық әсер ету тәсілдерінің жүйесін құрайды. Мағыналық жағынан массаж сылап-сипау, уқалау деген ұғымды білдіреді. Қолмен жасалатын механикалық әсер организмді тітіркендірудің үйреншікті табиғи түрі. Массаждың ең қарапайым тәсілі – сипау, уқалау. Мұны кез келген адам біледі десе де болады.

Кейбір ғалымның зерттеуіне сүйенер болсақ, массаж біздің заманымыздың I-II ғасырларында халықтық емдеу әдісі ретінде кең қолданылған. Ал VIII ғасырдан бастап ресми түрде шығыстық медицина атанған. Массаж шынында дүние жүзіндегі көптеген елдің халықтық медицинасының құрамдас бір бөлігі.
Халық арасында шыққан қандай да бір ауру түрін массаж жасау арқылы жазуға болатынын естіп па едіңіз?! Сол үшін аптасында жиі барып тұрған дұрыс.

Егер сіз қаражатыңызды үнемдегіңіз келсе, массаж жасату үшін арнайы жерлерге де барып керек емес. Оны үй жағдайында да арқаға жәй ғана аяқпен бастыртып, жүргізуіге болады. Бұндай массаж әдісінің жасалуы адам ағзасындағы ұйыған балтырдың, буынның қызметін жақсартып, жон арқаңыздың «желін» үзеді. Соның нәтижесінде құрысқан денеңіз жадырап, күнделікті сергек күйде жүресіз және де көңіл-күй гармондары мен қан айналымы жақсара түседі.

Массаждың жалпылама түрде жасалуы тері жүйке талшықтарының ұштары, бұлшық ет пен буындағы тереңірек жатқан жүйке талшықтары, тамырлар мен ішкі органдағы интерорецепторлар тітіркенеді де, мидағы гипоталамусқа белгі береді. Сөйтіп, адам организміне мидан реакция жауап келіп түседі. Ал, ол организмде түрлі қимылдық өзгеріс тудырады, адам денсаулығына жай-күйіне қолайлы әсер етеді. Массаж терінің жылулық рецепторына да ықпал етеді. Сипағанда, уқалағанда теріде жылу пайда болады, ол денедегі тамырлардың тонусына және зат алмасуына пайдалы.

Массаж жасушалардың бөлінуі нәтижесінде пайда болатын заттардың есебінен теріде химиялық заттардың түзілуін қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз массаж арқасында адам ағзасына негізгі керекті гистамин, ацетилхолин аминқышқылдарын тудырып, бұлшықеттердің қызметін жақсартып, адам организмінің қорғаныс қабілетін арттырады деген сөз.

Массаждан кейін адам рақат күйге бөленіп, өзін жеңіл әрі сергек сезінуі керек. Денені ауыртатын, шамадан тыс қысып, салмақпен сығымдайтын, жұлқылап жасайтын массаж адам ағзасына зиян тигізеді: қан қысымы одан сайын көтеріліп, басының ауыруы асқынып кетуі мүмкін. Сондықтан да, дәрігерлер қауымының құлақтарына алтын сырға, практикада массаж бұлай жасалмауы тиіс.

Дұрыс жасалған массаж ауру адамның жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін жақсартады, тамырларды біртіндеп кеңейтіп, қан айналымын тездетеді, жүректің қызметін тез арада қалпына келтіреді, адамның оттегімен тыныстауын арттырып, қандағы гемоглобин мен эритроцит мөлшерінің көбеюіне жағдай жасайды. Массаж жасағанда шеттегі лимфалар ағыны орталыққа қарай бағытталады. Сылап-сипаудың әсерінен тері тазарып, тер және май бездерінің қызметі жақсарады, шаршаған бұлшық еттердің қызмет ету қабілеті артады. Сондай-ақ, буындар мен омыртқалардың дұрыс иіліп-бүгілуі, қозғалуы да жақсара түседі.