Саясат

Тоқаев: "1 миллион 70 мың қызметкердің жалақысы көтерілсін"

2020 жылы 883 мың қызметкердің жалақысы көтерілген еді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 миллион 70 мың қызметкердің жалақысын көтеруді тапсырды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы Асқар Мамин баяндады.

"Қасым - Жомарт Тоқаев 2021 жылы 1 миллион 70 мың қызметкердің, оның ішінде 785 мың педагогтің жалақысын 25%-ға, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын 30%-ға, 38 мың әлеуметтік-медициналық қорғау қызметкерлерінің жалақысын 45%-ға арттыру қажеттігін айтты ", - делінген хабарламада.

2020 жылы республикада 883 мың қызметкердің жалақысы көтерілді.