Қоғам

Оңтүстік Кореяда 25 қазақ түрмеге қамалды

Қазақстанның 25 азаматы Оңтүстік Кореяның түрмесінде жазасын өтеп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

  Бұл туралы мәжілісте Қазақстан Республикасының бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов: «Шартты ратификацияланғаннан кейін біздің елшілік бұл мәселе жөнінде нақты жұмыс істейді. Яғни сотталған қазақстандықтарға барып, оларға Отанына оралу мүмкіндігі бар екенін түсіндіреді. Біріншіден, ол Қазақстан азаматы болуы тиіс. Екіншіден, азаматтың елге оралуына келісімі болуы керек. Қазір бізде осы 25 адамды қайтаруға барлық заңды негіз бар»,-деп түсіндірді.

Айта кетерлігі, Оңтүстік Кореяда Қазақстанның тағы 26 азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, бірақ олар сот шешімі бойынша әлі заңды күшіне енген жоқ.

«Бұл келісім біздің азаматтар үшін маңызды. Конституцияға сәйкес, мемлекет шетелдегі азаматтарымыздың қорғалуына кепілдік береді. Біз шетелде сотталған азаматтарымызды қалдырмаймыз. Егер сотталған адамның жазасын өтеуінің бір жылы қалса және ол елге оралуға өз келісімін берсе азаматты Отанына қайтаруға мүмкіндік бар»,- деді Марат Ахметжанов.

Бүгінгі таңда Қазақстан қылмыстық сала мәселелері бойынша 70-тен астам елмен ынтымақтастық келісім жасаған. 32 елмен 68 екіжақты келісім жасалды.