Денсаулық

Қазақстанда салалық журналистерді даярлау басталады

Алғашқы 50 студент С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де оқып бастайды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

21 қаңтарда Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне барды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Кездесуде 2020-2021 жылға арналған медиа саласының мамандарын оқытудың арнайы жоспары талқыланды.

Ақпан айында мемлекеттік және жеке БАҚ-тың 50-ден астам журналисті ҚазҰМУ базасында курс өтеді. Курстың мақсаты – медицина туралы шығарылатын материалдардың жоғары сапалы болуы.

Аида Балаева салалық журналистиканы дамытуға бар күшін жұмсайтынын айтты.  Министр студенттерді оқыту үшін журналистика және медицина саласындағы жетекші мамандар ат салысатынын атап өтті.  

2021 жылы салалық журналистерді даярлау бойынша кешенді жұмыс жүргізіледі. Арнайы курстар, іс-шаралар өткізу жоспарланды.