Bugin

BB: Бет күтіміне арналған маскалар

Бетіңізге қалай күтім жасайсыз? Сіздің бет теріңізге қандай маскалар сай келеді?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

«Әйел затының көріксізі болмайды. Еріншегі болады»

-Коко Шанель

Бұрындары бет күтіміне арналған масканы аптасына бір рет, оның өзінде кешке фильм қарап отырып жасайтын еді. Ал бүгінде күнделікті бет күтімінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Одан бөлек инстаграмға кірген сайын жылтыраған түрлі-түрлі маскалар алдыңнан шыға келеді. Өзіңді ұстау мүмкін емес. Сол себепті Bugin.kz тілшісі қыздар қауымына арнайы нұсқаулық дайындады.

Маска – ол қазір пайда болған дүние емес. Ертеректе әжелеріміз оның орнына табиғи өнімдерді пайдаланған. Мысалы Ежелгі Грекияда – саз, бал, сүтті, Грецияда – зәйтүн майын, Англияда – қара шай салындысын, ал Ресейдің қыздары қаймақты қолданған. Ең қызығы қазіргі маскалар да дәл осы қоспалар арқылы жасалады.

Ал енді бет теріңіздің түріне қарай (қалыпты, құрғақ, майлы, аралас) қандай маска қолдану қажет екенін бірге анықтайық.

 

Нәрлендіретін маска

 

Масканың бұл түрін майлы, құрғақ, аралас тіпті өте жақсы тері иелері де қолдануы тиіс. Оның басты міндеті – өзінің белсенді қоспалары арқылы бетіңізді нәрлендіріп, дұрыс қалпына келтіру. Құрамындағы өсімдік майы терінің беткі қабатын ылғалдандырып тұрады. Ал оның сығындылары, А және Е витамині теріні ішінен құнарландырады. Майда әжімдерді кетіреді.

 

Ылғалдандыратын маска

 

Бұл маска бетіңізді құрғақтықтан, тітіркенуден, әртүрлі қабыршақтардан арылтады. Бетіңізге сау, жылтыраған өң береді. Құрамында гиалурон, алоэ шырыны, сүттің қышқылы, глицерин бар. Бірақ ескере кету керек, бұл маскадан кейін міндетті түрде күндізгі немесе түнгі крем жағуды ұмытпаңыз.

 

Жасартатын маска

 

Біз қыздар әрдайым жас көрінгенді қалаймыз. Ал бұл маска түрі теріңізді нығайтады, тегістейді. Қартаю процессін бәсеңдетеді. Ол үшін құрамында коллаген, протеин, аминқышқылдары барын таңдаңыз. Аталған өнімдер әжіммен өте белсенді күреседі.

 

Тазартатын маска

 

Проблемалы терісі бар қыздар мұқият оқыңыздар. Бұл маска түрі сіздер үшін жасалған. Ол құрамындағы өнімдерінің арқасында беттегі қара нүктелерді жойып, бет терісін тазартады. Майланудан сақтайды. Бірақ оны бетіңізде уақытынан артық ұстамауға тырысыңыз. Себебі теріңіздің тартылуына,  құрғауына әкеліп соғады.

 

Ағартатын маска

 

Қыздар, бұл маска түрін жазда қолданбағаныңыз абзал. Бірақ бетіңізде сепкіл немесе дақтар болатын болса, таптырмас көмекшіңізге айналатыны анық. Өнім құрамында витамин С, азиялық центелла, ақ саз, күкірт немесе ретинол болса күмәнсіз ала беріңіз. Сізге керегі дәл осы қоспалар.

Жоғарыда аталған маскаларды қолдану әдісі уақытыңызға, жеке қалауыңызға және сіз қалаған нәтижеге байланысты.