Bugin

7 үздік әйел режиссер

Режиссура әлі күнге дейін ерлердің кәсібі болып саналады, бірақ осы салада шыңдарды бағындырған әйелдер де аз емес. София Коппола, Кэтрин Хардвик және Кэтрин Бигелоу сияқты әйгілі режиссерлар сөзімізге мысал

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Кэтрин Бигелоу

Кэтрин Бигелоу ең табысты әйел режиссерлердің ондығына кіреді. Джеймс Кэмеронның бұрынғы әйелі әлемдік кино тарихына «Дауылды жеңген» (Hurt Locker, 2008 жыл) фильмімен «Үздік режиссер» номинациясы бойынша 2008 жылы «Оскар» алған алғашқы әйел ретінде жазылды.

Кэтрин Хардвик

Кэтрин Хардвиктің сенсациялық алғашқы фильмі «Ымырт» (Сумерки) вампирлік дастаны әлі күнге дейін жастардың қиял түкпірін қозғайды. Содан бері Кэтрин бұрын-соңды болмаған танымалдылыққа ие болды және тағы бірнеше таңқаларлық фильм түсірді, соның ішінде «Он үш» (Он үш, 2003) және «Қызыл телпек» (2013) фильмерін ерекше атауға болады.

София Коппола

София Копполаның кино әлеміне апарар жолын қызының талантын байқаған әкесі, әйгілі режиссер Фрэнсис Форд Коппола ашқан.

 София Коппола өзінің мансабын жас, батыл және ауқатты адамдар туралы түпнұсқа фильмдер түсіруден бастады. Ол «Аударма жасаудың қиындығы» (Lost In Translation, 2003) фильмі арқылы «түпнұсқа сценарийі» үшін «Оскар» сыйлығымен марапатталды (2003). Сонымен қатар, София Коппола «Өзіне қол жұмсаған пәк қыздар» (The Virgin Suicides, 1999) , «Элиталық қоғам» (The Bling Ring, 2003 год), «Мария Антуанетта» (Marie Antoinette, 2015) фильмдерімен танымал.

Клер Дени

Клер Дени  режиссер мамандығын игерген танымал әйел. «Шоколад» (1998) фильмі әлемге танымал болғаннан кейін, Клер француздар тақырыбын жалғастырып ондаған туындыны жарыққа шығарды.

Сюзанна Бир

Сюзанна Бир – дат режиссері. 2006 жылы түсірген «Үйлену тойынан кейін» фильмі үшін «Оскар» алған режиссер танымалдылыққа ие бола бастайды. Оның әйгілі кинотуындыларының арасында Пирс Броснан басты рөлде ойнаған «Ағайындылар» (2004 ж.), «Сүйіспеншілік сізге қажет нәрсе»(2012 ж.) сияқты фильмдер бар.

Джейн Кэмпион

Джейн Кэмпион – жазушы, сценарист, талантты кинорежиссер. Танымалдылыққа ықпал еткен «Пианино» (1993) фильмі бірден екі сыйлықпен – Канн кинофестивалінде «Алтын пальма» сыйлығымен және ең үздік сценарий үшін «Оскар» сыйлығымен марапатталады.

Сэм Тейлор-Джонс

Сэм Тейлор-Джонс – британдық кинорежиссер, сценарист, сонымен қатар актриса және продюсер. Сэм өзінің шығармашылық мансабын 1990 жылдары суретші ретінде бастайды. Бірақ бірнеше жылдан соң киноға қызығушылық танытқан ару 90 жылдардың соңында режиссерлік дебютін «Сәйкессіздік» (1996) фильмін жарыққа шығарады. Содан кейін «Көруге тыйым салынады!» (2006), «Сені қатты сүйемін» (2008), «Сұрының 50 реңі» (2015) фильмдері шықты. Өнер әлемінде әр кинотуынды өз биігімен орын алды.