Bugin

Әлия Назарбаева желіде ақша сұрайтын оқырмандарына жауап берді

Мақсаты - экология және білім жолында еңбектену

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Әлия Назарбаева желідегі оқырмандары тарапынан материалдық көмек көрсету туралы көп хат келетінін жазды.

"Маған күнделікті көп адам көмек сұрап жазады. Өз көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттілігі мен мұқтаждығын орындай алмаймын. Мен қоғамдық маңызы бар дүниелермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!", - деп жазды ол көмек сұрағандардың бірінің хатын жариялап.

Сондай-ақ Әлия Назарбаев Қор баспана, жұмысқа орналастыру мәселелерімен айналыспайтынын және мемлекеттік органдардың істеріне араласпайтынын атап өтті.

"Бәріне бірдей көмектесу сіздің игі іспен айналысып жүргеніңізді білдірмейді! Кейде бас тарту – өз ниетіңе берік болу! Ал менің мақсатым – экология және білім жолында еңбектену!", - деп жазды ол.

Азаттық Рухы