Спорт

Жұмағұлов екінші рет жеңілді: "Өкінемін"

Жұмағұлов екінші рет жеңілгеніне қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов екінші рет жеңілгеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Барлығы біліп отырғандай, менің #UFC257-дегі екінші жекпе-жегім нәтижесіз болды. Мені осы күнге дейін қолдайтын және маған сенетіндердің барлығына, қолдау білдіріп жазғандарға алғыс айтамын. Мені сынаушыларға да рахмет айтамын. Себебі ойыңыз бен эмоцияңызды білдіру – сіздің құқығыңыз.

Мұндай ұйымда елімнің атынан сөйлеу – өте үлкен жауапкершілік. Мен өз елімнің туын биікке көтере алмағаныма өкінемін. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым. Бар күшімді салдым.  Халқымның алдында шын ниетіммен күрестім.  Бірақ сонда да болмады. Демек, бұл Алла тағаланың тағдырыма жазғаны болғаны.

Енді демалып, күш-қуатымды жинап әрі қарай жаттығу жоспарын жасау үшін алда біраз жұмыс күтіп тұр. Мен өзіме артылған үмітті ақтағым келді, бірақ әрқашан мен қалағандай бола бермейді. Менн осы сынақтардан өтіп, мықты болып ораламын! Мен берілмеймін, көңілімді қалдырып мойымаймын! Мықтылығымды дәлелдеймін!", - деді боксшы.